
Бразилия, 2021 жылғы 31 наурыз - ҚР-ның БФР-дағы Елшісі Болат Нүсіповтің қызметке кірісуіне байланысты хаттамалық кездесулер шеңберінде бірқатар екіжақты дипломатиялық кездесулері өтті. Ү.ж. 31 наурызда Ресей Федерациясының Бразилиядағы Елшісі Алексей Лабецкий Қазақстан елшілігіне сыпайы сапармен келді. Кездесу барысында Елшілер Бразилия астанасында аккредиттелген дипкорпустың өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, сондай-ақ Бразилиямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастық, соның ішінде МЕРКОСУР-ЕАЭО желісі бойынша кооперация аспектілері бойынша пікір алмасылды. Сонымен қатар, тараптар алдағы 9 мамырда Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты бірлескен іс-шараларды, сондай-ақ Бразилияда орналасқан ТМД елдері елшіліктерінің өзара іс-қимылын талқылады. Осыған ұқсас мәселелер бойынша Елші Б.Нүсіпов ү.ж. 2 сәуірде Бразилиядағы Беларусь елшілігінде өз белорус әріптесі Александр Церковскиймен өткен кездесуінде күн тәртібінде тұрды. Тараптар қабылдаушы елдегі жұмыс тәжірибесімен алмасып, екі елшілік деңгейінде достық қатынастарды сақтауға дайын екендіктерін білдірді.