Латын Америкада қазақтың ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңдері шырқалды

Латын Америкада қазақтың ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңдері шырқалды

Бразилиа, 2021 жылғы 19 наурыз - Наурыз мерекесі қарсанында ҚР-дың Бразилиядағы және Мексикадағы елшіліктері бірігіп, қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерейтойына орай португал және испан тілдерінде бейне конференция ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға Латын Американың үздік университеттерінің өкілдері - бразилиялық Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, филолог Эдельсио Америко, мексикалық Ұлттық Автономды Университетінің професоры Дора Гонсалес, ҚР-дың Аргентинадағы Құрметті консулы Густаво Гуттиерес, аргентиналық Росарио қаласындағы Қазақстанның мәдени орталығының жетекшісі Ирина Вагнер, еліміздің Латын Америкада қоңысталаған азаматтары мен жергілікті тұрғындары қатысты.

Конференция барысында Жамбылдың өмірбаяны мен шығармашалығы туралы, сондай-ақ, ақынның дипломаттармен қазақ тіліндегі өлеңдері орындалып таныстырылды.