Қазақстан мен Бразилия аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Бразилия аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Бразилиа, 2021 жылғы 19 наурыз – 2019 жылы қол қойылған Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰАҒББО) мен бразилиялық ауылшаруашылық корпорациясы (Embrapa) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Елшіліктің көмегімен ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында онлайн режимінде сараптамалық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында тараптар Дүниежүзілік банкпен өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстандағы мал шаруашылығын тұрақты дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, аграрлық ғылымды дамыту, жаңа технологиялар мен озық тәжірибелерді трансферттеу бойынша білімді тарату және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Екі ведомтсво арасындағы жұмыс диалогы жалғасуда.

Соңғы онжылдықтар ішінде Бразилия әлемдік азық-түлік нарығында керемет серпіліс жасап, импорттаушыдан әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушісіне және экспорттаушысына айналды. Бразилияның ауылшаруашылық секторының бәсекеге қабілеттілігі тиімді тетіктердің жиынтығымен жүзеге асырылады, соның ішінде Embrapa оның дамуына үлкен үлес қосуда.