Меню

Страницы

Статья

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Бразилия Қазақстанның Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ең ірі сауда серіктесі болып табылады. 2021 жылы екіжақты тауар айналымы 2020 жылмен салыстырғанда 95%-ға өсіп, 169,3 млн. долларға жетті (қазақстандық экспорт – 72,6 млн. доллар, Бразилиядан импорт – 96,7 млн. ​​доллар). 2020 жылы жалпы тауар айналымы 2019 жылмен салыстырғанда төмендеп, 86,4 млн долларды құрады (экспорт – 47,4 млн. доллар, импорт – 39,0 млн. доллар). 2019 жылы екіжақты сауда екі есеге өсіп, 306,7 млн. долларға жетті (экспорт – 51,4 млн. доллар, импорт – 255,3 млн. доллар).

Қазақстан экспорты құрылымында күкірт, ферроқорытпалар, қара металдар мен уран өнімдері басымдыққа ие. Бразилия импорты негізінен ұшақтардан, қамыс қантынан, шикі темекіден, жеміс шырындарынан, шошқа етінен және кофеден тұрады.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует бар. 2018 жылдың қыркүйегінде Вице-министр Б.Бейсенғалиев бастаған Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Бразилияға сапармен барды, оның барысында Бразилияның Ауыл шаруашылығы министрі Б.Магги, «Embrapa» Бразилия ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу корпорациясының Ғылыми-зерттеу және дамыту жөніндегі атқарушы директоры С.Моретти, Бразилия сыртқы істер министрлігiнiң жанындағы Бразилия ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің директоры Р.Перейра және Дүниежүзілік банктің Бразилиядағы басшысы М.Рейсермен кездесулер орын алды. Сапар қорытындысы бойынша біздің тарапымыз оқу бағдарламаларын әзірлеу, мамандар даярлау және ауылшаруашылық инновациялармен алмасу бойынша Бразилия тәжірибесін қолдануға қызығушылық білдірді. 2019 жылғы ақпанда аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Қазақстандық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен «Embrapa» Бразилия ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу корпорациясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қашықтықтан қол қою рәсімі өтті.

2019 жылғы наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Г.Исаеваның Бразилияға сапары өтті. Оның барысында Қазақстанға асыл тұқымды мал мен малды әкелуге ветеринарлық сертификаттар келісіліп, оларға қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Бразилиямен тау-кен саласында ынтымақтастықты дамытуға да мүдделі. Геологиялық барлау саласындағы «Қазгеология» АҚ қазақстандық компаниясы ірі бразилиялық «Vale» компаниясымен Қазақстанда түсті металдарды барлау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 2019 жылдың қыркүйегінде Рио-де-Жанейрода Қазгеология және Vale басшылығының өкілдері арасында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде тараптардың Қазақстан Республикасындағы темір, мыс және никель кен орындарын игеру мен ашуға деген ниетін белгілейтін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Электр жабдықтарын өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы – «WEG» компаниясының 2020 жылы ақпанда Алматы қаласында «WEG Central Asia» коммерциялық өкілдігін және оның негізінде жоғары технологиялы өнім шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған компанияның сервистік хабын ашу туралы шешімі инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.

40% үлесі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі «Eurasian Resources Group» (ERG) еншілес компаниясы болып табылатын «Bahia Mineraçao» бразилиялық компаниясы Баия штатының Кэтите муниципалитетінде «Pedra de Ferro» темір кен өндіру кешені және оған байланысты «Porto Sul» теңіз порты мен Батыс-шығыс интеграциясы темір жолы (Ferrovia de Integração este-Leste, FIOL) инфрақұрылымдық жобалары бойынша бастамаларын іске асыруда. ERG компаниясының темір кен өндіру кешені мен теңіз портына салған жалпы инвестициясы 1,6 млрд. доллар құрап отыр.

2019 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ы мен Бразилияның «TecTerra Geotecnologias e Meio Ambiente Ltda» компаниясы арасында Kazeosat-1,2 жерсеріктерінен суреттерді тарату туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл ғарыш саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға негіз болды.

Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту аясында 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Бразилия Туризм министрлігі арасында Қазақстан Республикасының туризм саласындағы басымдықтарын ескере отырып, нақты іс-шаралар жоспарын қабылдауды қамтамасыз ететін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

2021 жылдың тамызында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы мен Бразилия Ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының (CNI) тең төрағалығымен Қазақстан-Бразилия Іскерлік комитеті құрылды.

Дата публикации
24 января 2020
Дата обновления
23 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

03 июня 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
04 апреля 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
04 апреля 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары