Бразилия Федеративтік Республикасы 1991 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.
Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 22 қыркүйекте орнады.
2006 жылы тамызда Нұр-Султанда Бразилия елшілігінің ашылуы болды.
2012 жылдың қазан айында Бразилияда Қазақстан Елшілігінің ашылуы болды.
Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығы 2007 мен 2009 жылдары жоғары деңгейдегі екіжақты мемлекеттік сапарлар және 2013 мен 2018 жылдары сыртқы істер министрлерінің сапарлары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдермен айқындалады.
СІМ аралық саяси консультациялар тетігі сәтті жұмыс істеуде. Парламентаралық өзара іс-қимыл дамуда.
Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастық көпжақты форматта тұрақты дамуда. Елдер БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 2012-2015 жылдарға кандидаттарға өзара қолдау көрсетті. Қазақстан Бразилияның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 2017-2019 жылдарға, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетіне, Кодекс Алиментариус комиссиясына, БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітуді жою жөніндегі комитетіне, БҰҰ-ның Халықаралық Сотына, Интерполдың Атқарушы комитетіне кандидатурасын қолдады. Бразилия Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетке кандидатурасын қолдады.
Бүгінгі таңда Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығының құқықтық негіздері 8 мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдерге, сондай-ақ әртүрлі салалардағы 13 ведомствоаралық құжаттарға негізделген.