Болсын, дамысын Қазақстан мен Словакия арасындағы ғылыми ынтымақтастық

Болсын, дамысын Қазақстан мен Словакия арасындағы ғылыми ынтымақтастық

БРАТИСЛАВА, 2020 жылғы 11 қыркүйек – Бүгін Братиславада Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Словак ғылым академиясы арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Қазақстандық тараптан құжатқа (алдын-ала) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Журинов, Словакия жағынан СҒА президенті − Павол Шайгалик қол қойды.

Келісімнің жасалуы Қазақстан мен Словакияның ғылыми қоғамдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді, оның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулер саласында, әр түрлі бағытта бірлескен зерттеулер жүргізу, PhD деңгейінде оқу және қазақстандық ғылыми қауымдастықтың өкілдеріне постдокторантурада жұмыс істеу.

Келісім шеңберіндегі перспективалық ынтымақтастық іс-шаралар –  бірлескен жобалар, жобалық қолдау негізінде ғылыми-зерттеу қызметі мен ғалымдармен алмасы түрінде жүзеге асырылады.

Екі ғылым академиясы арасында келісім жасасу идеясы алдымен Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко мен СҒА президенті            П. Шайгаликтің ағымдағы жылдың 19 мамырында болған кездесуінде талқыланды.

«Біз, бұл келісімге қол қою менделеевтің бүкіл периодтық жүйесі жасырылған Қазақстанның ғылыми және экономикалық әлеуетінің арқасында өте перспективті деп саналатын ынтымақтастығымыздың жолындағы алғашқы қадам екендігін», − деп санайтынын атап өтті П. Шайгалик. «Қол қою рәсімін Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған шектеулердің алынып тасталғаннан кейін, мүмкіндік пайда болған сәтте жүзбе-жүз кездесулерімізді ұйымдастыруға қуаныштымыз».

Р. Василенко өз кезегінде, «Мен, академиялардың басшыларын, Мұрат Журинов пен Павол Шайгалик мырзаларды, екі елдің ғылыми қоғамдастығын осы маңызды қадаммен шын жүректен құттықтағым келеді», - деді. «Дәстүр бойынша, ғылым адамдары өзінің іс-әрекетінің жылдамдығымен танымал емес, олар беріктік пен біртіндепті қалайды. Бірақ келісім жасау туралы шешімнің жылдамдығы және оны екі ғылым академиясы дайындаған және бұл мифті түбегейлі және сапалы түрде жоққа шығарып, терең құрмет сезімін тудырып, бізге лайықты үлгі болды. Мен ынтымақтастықтың өзі бұдан әрі дәл осылай дамиды деп сенгім келеді, яғни тез, мұқият және өзара тиімді негізде».

Словак академиясы құрамында әр түрлі профильдегі, 3 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейтін 45 тәуелсіз ғылыми-зерттеу институттары бар. Академия білім беру үрдісіне белсенді қатысып, оның қабырғасында 500-ге жуық PhD докторанттар оқуда, оның ішінде 35 шетелдік азамат.

Қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың «Horizon -2020» бағдарламасының аясында Словак Ғылым Академиясының Геотехника институты мен Назарбаев Университетінің Жану проблемалары институты арасында нанопорозды және наноқұрылымдық материалдарды медициналық салада қолдану жобасы бойынша ғылыми ынтымақтастық жүзеге асырылуда.