Қазақстанның Словакиядағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстанның Словакиядағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Братислава, 2025 жылғы 8 қаңтар – Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Жанна Сағынова Словакия Сыртқы және еуропалық істер министрлігі Протокол қызметінің басшысы Ингрид Хорвейге сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

И.Хорвей Елшіні жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның дипломатиялық қызметін жүзеге асыруда словак тарапынан жан-жақты көмек беруге дайын екендігін білдірді.

Тараптар сындарлы саяси диалогта, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мен кеңейтуде көрініс тапқан достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухындағы Қазақстан – Словакия қарым-қатынастарының үдемелі дамуын атап өтті.

Кездесу соңында Ж.Сағынова жылы қабылдау үшін алғыс айта отырып, Словакиямен жан-жақты серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екендігін растады.