Словакия басшылығы қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Словакия басшылығы қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Братислава, 2024 ж. 22 қазан – Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Словак Республикасы Президентінің сыртқы саясат және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ян Кубишпен кездесті. Келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Т. Барлыбаев сұхбаттасын 2024 жылғы 3-4 қазанда Астанада өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысының және бизнес-форумның қорытындылары туралы хабардар етті. Өткен жылы 160 млн. АҚШ доллар құраған Қазақстан мен Словакия арасындағы сыртқы сауда айналымы көлемінің тұрақты өсуі белгіленді. Энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, машина жасау көлік, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау білім беру және мәдениет, туризм және спорт салаларындағы іскерлік жобаларды іске асырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Президент кеңесшісі Словакия басшылығының екіжақты ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүдделілігін білдірді, бұған жоғары және жоғарғы деңгейлерде өзара сапарларды ұйымдастыру, үкіметаралық және ведомствоаралық байланыстарды, іскерлік, мәдени және білім беру саласындағы алмасуларды кеңейту ықпал ететіндігін айтты.

Ян Кубиш Словакия Президентінің атынан және жеке өз атынан ҚР басшылығын және барлық қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ол халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанмен көпжылдық өзара іс-қимылға жоғары баға бере отырып, Қазақстан басшылығының жаһандық деңгейдегі беделін, сондай-ақ ҚР-дың Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлін атап өтті Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне бағытталған саяси жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасын іске асырудың маңыздылығын баса айтты

Я. Кубиштің халықаралық құрылымдардағы бай жұмыс тәжірибесін назарға ала отырып
Т. Барлыбаев словак дипломатына Қазақстанның БҰҰ ЕЭК-пен ынтымақтастығын дамытуға және бірқатар халықаралық бағдарламаларды («Жасыл көпір», KazAID, СПЕКА, Арал мәселелері бойынша жобалар) ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді Я.Кубиштің ЕО мен ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы арнайы өкілі ретіндегі сондай-ақ БҰҰ-ның арнайы өкілі – Ауғанстандағы, Ирактағы және Ливандағы миссия басшысы ретіндегі белсенді рөлін атап өтті.

Кездесу соңында кеңесшіге Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағы және словак тілінде жарық көрген қазақ ертегілері жинағы сыйлық ретінде тартылды.