Астанада Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы және Қазақстан-Словакия бизнес-форумы өтті

Астанада Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы және Қазақстан-Словакия бизнес-форумы өтті

2024 жылғы 3-4 қазанда Астана қаласында Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы және Қазақстан-словак бизнес форумы өтті.

ҮАК отырысын ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шәрбиев және СР Экономика министрінің орынбасары В.Шимоняк бастап келді.

Отырыс барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты, энергетика және өнеркәсіп секторларын дамытуды, қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды пайдалануды қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Жаңартылатын энергия көздері, агроөнеркәсіптік кешен және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық перспективаларына айтарлықтай көңіл бөлінді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар хаттамаға қол қойды, онда көрсетілген салаларда белгіленген бастамаларды іске асыру жөніндегі уағдаластықтар көрініс тапты. Отырыс екі елдің өзара іс-қимылды тереңдетуге және олардың алдында тұрған сын-қатерлерді бірлесіп шешуге деген ұмтылысын растады.

Бизнес-форумның басты тақырыбы энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика және білім беруді қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту болды. Форум жаңа мүмкіндіктерді талқылау және екі елдің арасында кәсіпкерлік қауымдастықтары арасында байланыс орнату үшін маңызды платформаға айналды. Іс-шара «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «SARIO» инвестициялар мен сауданы дамыту жөніндегі словак агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылып, қазақстандық және словак жетекші компаниялардың 80-нен астам өкілдерін жинады.

Форумда қазақ тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Атамекен» ҰКП Қазақстанның сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Кәрімсақов, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ басқарманың төрағасы Аллен Шәйжүнісов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева және т.б. сөз сөйледі.

Словак тарапынан спикерлер ретінде Экономика министрінің орынбасары Владимир Шимоняк, «SARIO» бас директоры Роберт Шимончич және Словакия экспорттық-импорттық банкінің бас директоры Растислав Подгорец сөз сөйледі.

Форум соңында екі елдің өкілдері инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісті, сондай-ақ болашақта нақты іскерлік жобалардың негізін қалаған B2B форматында көптеген екіжақты кездесулер өткізді.