РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ХАБАРЛАМА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі 2024 жылғы 6 қазанда референдум арқылы шешіледі деп мәлім етті.

Словакия аумағында референдумға Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшілігі (мекен-жайы: Červeňova 14, 811 03, Bratislava) жанындағы № 437 учаскесінде (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) қатысуға болады.

Әрбір Қазақстан азаматы белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн.

Референдумда дауыс беру бюллетень негізінде жүзеге асырылады. Өз даусыңызды беру үшін алдын-ала Елшілік жанындағы № 437 учаскесіне тіркелуді сұраймыз.

ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ сілтемесі: https://forms.gle/i1PY2JHnfCH32EtZ7 

Тізімге енгізуді Елшіліктің: +421 910 363 669 телефоны арқылы хабарласып, тексеруге болады.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтынан таныса аласыз.