
Братислава, 2024 жылғы 8-9 мамыр – Қазақстан Елшілігінің ұжымы Еуропаны фашизмнен азат ету шайқастарында ерлікпен қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған «Славин» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Қызыл Армия қатарында қазақстандық жауынгерлер көптеген майдандарға қатысып, Украинаны, Беларуссияны, Молдованы, Балтық жағалауындағы елдерді, Норвегияны, Шығыс және Батыс Еуропаны азат етуге қатысты.
Чехословакия, Польша, Мажарстан, Болгария, Румыния, Аустрия, Югославияны азат еткен әскери құрамалардың ішінде Қазақстанда құрылған мынадай дивизиялар болды: 72-гвардиялық Красноградская, 73-ші Сталинград-Дунай, 27-гвардиялық Новобугская, 150-ші Идритская Берлин, 314-ші Кингисепп атқыштар және т.б. болды.
Біздің жаунгерлер Словакияны азат етуге қатысты. Шығыс Қазақстанда, Семей мен Аягөз қалаларында құрылған 8-жаяу әскер дивизиясы Словакияны, Спишка-Нова-Вес, Спишка-Стара-Вес, Левоча, Ружомберок және т.б қалаларды азат етуге қатысып, Прагаға дейін жетті. Қазақстандық 72-ші гвардиялық дивизиясы Нитра және Братислава өңірлерін азат етті. Словактар мен 30-дан астам басқа ұлт өкілдері иық тірестіріп, оның ішінде қазақстандықтар Словакия ұлттық көтерілісі кезінде ерлікпен шайқасты.