
БРАТИСЛАВА - Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанына 79 жыл толуына орай, 2020 жылы 22 маусымда Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко Ресей мен Беларусь елшілері Алексей Федотов және Игорь Лещенямен, Словакия фашизмге қарсы күресушілер одағының басшылығымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен бірге Ресей Федерациясының Елшілігінің бастамасымен Еске алу және қайғы күнінде ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Іс-шараға қатысушылар неміс-фашистік басқыншылардан Словакияны және Братиславаны азат етушілерге арналған «Славин» әскери-мемориалдық кешеніне гүлдестелер мен гүл шоқтарын қойып, осы маңызды оқиғаға байланысты қысқаша сөз сөйледі.
Өз сөзінде Р. Василенко Словак Республикасының Үкіметі мен халқына Қызыл Армия сарбаздарының соғыс кезіндегі ерлігі туралы естеліктерді сақтағаны үшін терең ризашылығын білдірді. «Қазақстан халқы үшін, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағының көптеген басқа мемлекеттері үшін Ұлы Отан соғысы және аталарымыз бен әкелеріміздің ұрпақтарының ерліктері туралы естеліктер қасиетті. Қаһармандар Буынына мәңгілік естелік!»
Сондай-ақ, Р.Василенко Ресей Федерациясының Елшілігіне және Елші А.Федотовқа осындай айтулы күні маңызды шараны ұйымдастыруға бастамашылық еткені үшін алғыс айтты.