Братиславадағы Совет жауынгері мемориалына Гүлдесте және гүл шоғын қою салтанаты

Братиславадағы Совет жауынгері мемориалына Гүлдесте және гүл шоғын қою салтанаты

2020 ж. 9 мамырда Братиславада Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко Ресейдің Словакиядағы Елшісі Алексей Федотовпен және елшіліктер ұжымдарымен, словак қоғамдық ұйымдарымен бірге Ұлы Жеңіс Күніне орай «Славин» Әскери-мемориалдық кешенінде гүлдесте қойды.
Салтанат аясында Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Словакиядағы қызыл әскердің ең ірі зираты (6845 жауынгер) болып табылатын «Славин» кешенінде қазақстандық жауынгерлердің бейітіне де гүл шоқтарын қойды.

Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі