
Братислава, 2023 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінде Словакия-Қазақстан сауда байланыстары қауымдастығы басшылығының, Словакияның іскер және сарапшы топтары өкілдерінің қатысуымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» туралы презентация өтті.
Елші Төлежан Барлыбаев Қазақстанның әлеуметтік әділеттілік, инклюзивтілік және прагматизм қағидаттарына негізделген жаңа экономикалық модельге көшуінің, бәсекелестік артықшылықтарды дамытудың және еңбектің, капиталдың, ресурстар мен технологиялардың тиімді симбиозының маңыздылығын атап өтті. Өңдеу секторын дамыту және өнеркәсіпті жаңғырту жөніндегі міндеттер шеңберінде салықтық ынталандыру мен құқықтық реттеудің, сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы жаңа шаралар аталып өтті. Қазақстанда металлургия, мұнай химиясы, машина жасау, энергетика, АӨК, көлік және логистика салаларында жоғары қайта бөлу кластерлерін құру шетелдік әріптестермен және инвесторлармен ынтымақтастықтың кең жаңадан ашылған мүмкіндіктер туралы айтылды.
Жолдаудың мазмұнын талқылау барысында Словакия-Қазақстан сауда байланыстары қауымдастығының президенті Петер Олеяр және словак бизнесінің өкілдері Қазақстанмен, атап айтқанда энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, баламалы энергия көздерін дамыту және технологиялық сектор салаларында ынтымақтастықты дамытуға практикалық қызығушылық білдірді. Презентация қорытындысы бойынша словак компаниялары Жолдауда белгіленген нақты бағыттар бойынша қазақстандық әріптестермен бірлескен жобаларды іске асыру бойынша іскерлік ұсыныстар жасауға ниетті.