
Банска-Быстрица, Зволен, 2023 жылғы 8-9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 78 жыл толуына орай Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаев Зволендегі Кеңес Одағының қаза тапқан жауынгерлеріне арналған ескерткішке және Банска-Быстрицадағы Кеңес жауынгерлеріне арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға қатысушылар фашизм құрбандары мен қаза тапқан жауынгерлерді символдық үнсіздік минутымен еске алды.
Салтанатты рәсімде дипломат қазақстандық жауынгерлердің Чехословакия аумағындағы шайқастардағы, сондай-ақ 1944 жылғы Словак ұлттық көтерілісіне қатысқан партизандық қозғалыстағы ерліктерін атап өтті. Әскери бейіттерді іздестіру, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болғандар мен хабарсыз кеткендердің есімдерін анықтау және оларды мәңгі есте қалдыру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Зволендегі соғыс мемориалы Еуропадағы ең үлкен ескерткіштердің бірі болып табылады, онда 17 682 кеңестік солдаттар мен офицерлер жерленген. 1944 жылы облыста Словакия халық көтерілісінің партизандық жасақтары белсенді әрекет етті, олардың қатарында қазақстандықтар да шайқасқан. 2022 жылдың желтоқсан айында көтерілістің тарихи орталығы – Банска-Быстрица қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды.
Братиславада Елшілік қызметкерлері 7000-ға жуық кеңес жауынгері жаппай бейіттерде жерленген Славин әскери-мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Еуропаны фашизмнен азат ету шайқастарында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер осы жерден мәңгілік тыныштық тапты.