
БРАТИСЛАВА, 2023 жылғы 2 ақпан – Жас қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшілігінде болып, ITF Juniors турнирінің чемпиондық кубогын және оған аңсаулы жеңіс әкелген теннис ракеткасын Қазақстанның спорттық даңқы залына табыс етті, сондай-ақ дипломатиялық миссияның Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
14 жастағы қазақстандық шеберлігін Еуропадағы ең үздік теннис мектептерінің бірі Братиславадағы Доминика Цибулкова академиясында шыңдауда. Заңғар Нұрланұлы жасына қарамастан, жасөспірімдер арасындағы теннистен халықаралық турнирлерде көптеген жеңістерге жетті.
Өткен жылы ол ұзақ уақыт бойы чемпиондар тізімін басқарып, маусымды Tennis Europe рейтингінің үздік ондығында аяқтады. Жақында талантты қазақстандық келесі жас санатына өтіп, ITF Juniors беделді турнирлеріне қатысу құқығына ие болды. Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Заңғар Трнава қаласында өткен ITF Juniors турнирінде тұңғыш рет қанжығасын майлады.
Қазақстандық теннистің жарқыраған жұлдызының спорттық кубоктары мен медальдары Қазақстанның Братиславадағы Елшілігінде ашылған Қазақстанның спорттық даңқы залында қойылған. Былтырғы жылдың қыркүйегінде Спорттық даңқ залында Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина болды, ол да Словакияда жаттығады.