БРАТИСЛАВА, 2020 ж. 10 ақпан – Қазақстан Елшісі Роман Василенко Апостолдық Нунций – Словакиядағы дипломатиялық корпустың дуайены Джакомо Оттонеллоға сыпайылық сапарын жасады.
Шырайлы және сенімді атмосферада өткен сұхбат барысында сұхбаттасушылар Қазақстан Республикасы мен Ватикан арасындағы қатынастардың 1992 жылы құрылғаннан бері баянды дамып келе жатқанын атап өтті. ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және сол кездегі ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ватиканға жасаған сапарларының, сонымен қатар Рим Папасы II Иоанн Павелдың 2001 жылы Қазақстан астанасына жасаған сапарының маңыздылығы атап өтілді.
Сұхбаттасушылар халықаралық деңгейдегі дінаралық үнқатысу және өзара түсіністік орнатудағы күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын, сонымен қатар Рим-католик шіркеуінің жоғары делегациясы дәстүрлі түрде қатысатын Қазақстанда өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің осы үдеріске қосқан үлесін атап өтті.
Сонымен бірге кездесу барысында қазақстандық дипломат Елбасының және Президент Қ. Тоқаевтың дәйекті стратегиялық бағытына толығымен сәйкес келетін Ватикан мен жеке Рим Папасы Францисктің ядролық қарудан азат әлем құру қажеттілігі туралы бірбеткей ұстанымының маңыздылығын атап өтті.
Сұхбат барысында Р. Василенко мен Дж. Оттонелло Братиславадағы екі миссияның одан әрі тығыз өзара әрекеттестігі және бастамаларды өзара қолдау туралы уағдаласты.