ҚР-СР парламентаралық ынтымақтастығы нығая түседі

ҚР-СР парламентаралық ынтымақтастығы нығая түседі

24 қаңтарда Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко Словакия Ұлттық Кеңесінің депутаты, Қазақстанмен, Орталық Азияның басқа елдерімен және Әзірбайжанмен достық тобының төрағасы Петр Марчекпен кездесті. 

Әңгімелесушілер екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андрей Данконың 2019 жылғы қыркүйекте Нұр-Сұлтанға жасаған ресми сапары нәтижелерін талқылады. 

Кездесуде аталған ынтымақтастықтың нақты жоспарлары Словакиядағы алдағы 29 ақпанда өтетін парламенттік сайлаумен анықталатындығы, оған 25 саяси партиялар мен коалициялар қатысатындығы айтылды.