Братиславада қазақстандық референдумның қорытындылары талқыланды

Братиславада қазақстандық референдумның қорытындылары талқыланды

Ағымдағы жылғы 7 маусымда Братислава қаласында Словакияның ғылыми және іскер топтары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша референдумның қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.

ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев Қазақстан басшылығының саяси реформалар бағытын халықтың қолдауын тапқан референдумның тарихи маңыздылығын атап өтті. 5 маусымда қазақстандықтар жаңа Қазақстанның – Мемлекеттік басқарудың теңдестірілген жүйесін құруға, құқық үстемдігіне, әділ әлеуметтік саясатқа, адами капиталды және ҚР-дағы азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған терең жүйелі реформалардың берік іргетасы қаланғанын баса айтты.

Словак сарапшылары мен жақында Қазақстанға дауыс беру барысын жариялау мақсатында барған журналистер Павел Новотны мен Владимир Бачишин сайлау заңнамасына және демократиялық нормаларға толық сәйкес өткен референдумның жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өтті. Сарапшылардың бағалауынша, халықтың көптеп келуі – қазақстандық қоғамның саяси кемелденуінің көрінісі және қазақстандықтардың ауқымды реформаларды одан әрі ілгерілетудегі тұрақты ерік-жігерінің көрінісі.

Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы өз ерікін білдіру процесінің нәтижелерін құптап, Конституцияға енгізілген жаңа түзетулер мемлекеттік билік жүйесін жетілдіруге, экономика мен қоғамдық құрылымды дамытуға, құқықтық және сот жүйесін жаңғыртуға, қазақстандықтардың құқықтары мен бостандығын қорғауын нығайтуға қуатты серпін беретінін атап өтіп.