
БРАТИСЛАВА, 2022 жылғы 5 маусым – Братиславадағы Қазақстан Елшілігіндегі № 306 сайлау учаскесінде Словакиядағы қазақстандық азаматтардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс беру процессі өтті.
УЕФА Ұлттар Лигасының 2022 – 2023 топтық кезеңінің ойындары аясында Словакия құрамасымен ойынға келген Қазақстан құрама командасы дауыс беруге қатысты. Қазақстан құрамасының ойыншылары Отан алдындағы референдумға қатысу мүмкіндігі үшін ризашылықтарын білдірді. Ерік білдіру рәсімі сайлау заңнамасының нормаларына қатаң сәйкестікте өтті.
ҚР Словакиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі