Словакия Қазақстан Елшісіне достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіруде

Словакия Қазақстан Елшісіне достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіруде

БРАТИСЛАВА, 2022 жылғы 2 ақпан – Осы уақытқа дейін Қазақстанның Словакиядағы Елшісі болған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жаңадан тағайындалған Орынбасары Роман Василенконың Отанына оралуына байланысты, Словакия сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Ингрид Броцковамен кездесу өткізді.

И. Броцкова екі жыл бұрын Братиславада Қазақстанның дербес елшілігінің ашылуын құптап, Елшіге өткен уақыт ішіндегі мазмұнды және жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, бұл екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, сыртқы саяси ведомстволар басшыларының нәтижелі өзара сапарларын өткізуге, екі елдің университеттері мен академиялық құрылымдары арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар ведомствоаралық шарттар мен келісімдерге қол қоюға мүмкіндік берді. Мемлекеттік хатшы тараптар келіскен мерзімде екіжақты байланыстардың жоғары қарқынын қолдау мақсатында Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін білдірді. Тараптар Қазақстан астанасында осы жылы алдағы сімаралық саяси-экономикалық консультацияларды сапалы өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Братислава қаласында 2022 жылғы 10-11 наурызға жоспарланған экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының кезекті 9-шы отырысына дайындық мәселелерін, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басымдықтары мен перспективаларын талқылады. Ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы бағыттары ретінде қорғаныс өнеркәсібі, металлургия, білім беру, машина жасау және автомобиль жасау, энергетика, ақпараттық технологиялар, фармацевтика және туризм атап өтілді.

Сұхбаттасушылар Словакияның осы саладағы өңірлік және халықаралық жобаларды, оның ішінде жеке сектор өкілдерін тарта отырып іске асырудағы тәжірибесін ескере отырып, су саласындағы тиімді ынтымақтастықты жалғастырудың, Халықаралық су ресурстарын бағалау орталығының (ХСО) бағдарламалық іс-шараларын ілгерілетудің және іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Министрдің орынбасары Орталық Азиядағы ең ірі экономикасы бар Қазақстан өңірде даму мақсатында гуманитарлық және ресми көмек көрсетуді одан әрі жалғастыратынын атап өтті. Осыған байланысты Тараптар KazAID және SlovakAid ұлттық халықаралық даму агенттіктерінің жобалық қызметі шеңберінде 2021 жылғы қазанда қол қойылған ҚР СІМ мен СР СЕІМ арасындағы меморандумға сәйкес ынтымақтасуға уағдаласты.

Министрдің орынбасары еліміздегі қаңтардағы қайғылы оқиғаларға түсінік бере отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел үкіметінің осы оқиғалардан кейінгі ел дамуының сапалы жаңа парадигмасын анықтау жөніндегі батыл қадамдары, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жоспарланған реформалары туралы айтты. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXI съезінде сөйлеген сөзін егжей-тегжейлігін баяндап, жуырдағы ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э. Әзімованың, қазақстандық құқық қорғаушылар мен ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ү. Сүлейменнің СР СЕИМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Петер Бурианның тікелей қатысуымен ұйымдастырылған және оның барысында Қазақстандағы таяудағы оқиғаларды тергеп-тексеру және адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мазмұнды әңгіме болған бірқатар еуропалық елдердің адам құқықтары жөніндегі елшілерімен жақында болған кездесуі туралы айтып берді.

Осыған байланысты Р. Василенко қазақстандық тараптың Еуропалық Одақпен, жалпы Словакиямен, атап айтқанда, құқық үстемдігі және адам құқықтарын сақтау мәселелері, елді жаңғыртуға бағытталған кешенді реформалар бойынша ашық және қарқынды диалогты жалғастыруға мүдделілігі туралы хабарлады. И. Броцкова бұл сигналды құптап, Словакияның мұндай диалогқа дайын екенін атап өтті.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат словак тарапына елшіліктің қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін шынайы алғысын білдіріп, ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтіп, екі ел арасындағы жаңа бірлескен жобаларды жаңа лауазымда іске асыруда барынша көмек көрсетуге дайын екенін растады.

Сұхбаттасушылар байланыстарды қолдау және одан әрі тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.