Қазақстан мен Словакия арасындағы экономикалық ынтымақтастық және дамуға көмек көрсету туралы ынтымақтастық дамып келеді

Қазақстан мен Словакия арасындағы экономикалық ынтымақтастық және дамуға көмек көрсету туралы ынтымақтастық дамып келеді

БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 14 желтоқсан – ҚР-дың Братиславадағы Елшісі Роман Василенко мен Словакияның Сыртқы және Еуропалық істер министрлігінің (СЕІМ) экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша ынтымақтастық бөлімінің бас директоры Люция Кишшпен болған бүгінгі онлайн кездесуде Қазақстан мен Словакия арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында тараптар пандемияға қарамастан 2021 жылы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар деңгейі оң серпін көрсеткенін, инвестициялық белсенділіктің дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттары негізінде жасалған келісім негізінде словакиялық Colosseo EAS компаниясы «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңғырту жобасын бастап, жаңа іскерлік байланыстар сәтті орнатылуда.

Сонымен бірге, сұхбаттасушылар 2021 жылғы 11 қазанда ресми және іскер топтардың өкілді делегациясының жетекшілігімен СР Сыртқы және Еуропалық істер министрі Иван Корчоктың Нұр-Сұлтанға жасаған сапарының өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі белсенді дамытудың кепілі ретінде маңыздылығын атап өтті.

Осы тұрғыда тараптар 9-шы отырысы келесі жылдың наурыз айында Словакияда өтетін Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында аталған мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ, келесі жылдың наурыз айында Қазақстанда екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси-экономикалық консультацияларды дайындауға келісті.

Словак министрінің сапары барысында ҚР СІМ мен СР СЕІМ арасындағы Дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын ескере, әңгімелесушілер осы меморандумның практикалық толықтыруын талқылады. Атап айтқанда, KazAID және SlovakAid мүдделі агенттіктері арасындағы Орталық Азия елдеріне көмек көрсетуге бағытталған ынтымақтастықтың кейбір нақты жобалары талқыланды.