
БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 6 желтоқсан – ҚР-дың СР-дағы Елшісі Роман Василенко «Отбасылық кәсіпкерлік орталығы» мен Братиславадағы экономикалық университеттің (ЭУБА) сауда факультетінің бастамасымен экономика, бизнес және әкімшілік саласындағы тәжірибелі мамандар үшін «Қазақстан 30 жылда: нәтижелері мен болашағы» атты дәріс өткізді.
Онлайн-дәріс барысында Р. Василенко қатысушыларды Қазақстан Тәуелсіздігінің көпғасырлық тарихымен және жетістіктерімен таныстырып, елдің сыртқы саясаты мен сауда қатынастарының дамуы туралы айтып, Қазақстан мен Словакия арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы шолу жасады. Елші Тәуелсіздіктің 30 жыл ішінде Қазақстан 380 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестициялар, оның ішінде Еуропалық Одақ елдерінен 160 млрд. доллар тартқанын атап өтті.
Словакиямен қарым-қатынас туралы айта келе, дипломат «бүгінде Қазақстан Словакия үшін Орталық Азиядағы ең ірі және перспективалы сауда-экономикалық әріптес, ал Словакия-Еуропа ортасындағы Қазақстан үшін сенімді әрі қызықты әріптес» екенін атап өтті.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы словакиялық инвестициялардың көлемі 20 млн. доллардан сәл ғана асып түскені атап өтілді.
«Алайда, пандемияға қарамастан, соңғы уақытта жұмыс жүргізілген іскерлік байланыстар алдағы жылдары бұл көрсеткіш бірнеше есе асып түседі деп үміттенуге мүмкіндік береді. Біз қорғаныс өнеркәсібі, энергетика, металлургия, инжиниринг және құрылыс, сондай – ақ, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, медицина және туризм салаларында өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеуетті көріп отырмыз», − деп екіжақты қатынастардың болашағы зор екенін атап өтіп Р. Василенко түйіндеді.
Іс-шара барысында тыңдаушылар талқылауға белсенді қатысып, Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау және қорғау жөніндегі шаралар туралы, ұлттық экономиканы дамыту тәжірибесі және Қазақстанның ірі экономикалық державалармен көршілігін ескере отырып, озық технологияларды тарту туралы, Шығыс пен Батысты байланыстырған логистикалық жобаларды дамыту туралы, оның ішінде «Белдеу және жол» бастамасын іске асыру контексінде кең ауқымды сұрақтарға жауап алды.
Іс-шараның модераторы, ЭУБА сауда факультетінің халықаралық сауда кафедрасының доценті Элена Каштякова Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жүріп өткен әсерлі жолын атап өтіп, елдің одан әрі үдемелі дамуына және оның Словакиямен ынтымақтастығына сенім білдірді. Ол академиялық топтардың екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективалық тауашаларын іздеуге және іске асыруға дайын екенін атап өтіп, көптеген түйісу нүктелерінің бар екенін және экономикалардың өзара толықтырылатындығын атап өтті. Өз кезегінде СР-дың ҚР-дағы бұрынғы елшісі Петер Юза Қазақстан халқы мен басшылығын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, Словакиямен ынтымақтастық үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтіп, «дамыту үшін кең мүмкіндіктер бар, перспективалар айқын, оларды тек іске асыру қажет» деп мәлімдеді. Virtual Reality Media компаниясының басшысы Павол Грман осы компанияның Қазақстандағы өткен жылғы табысты тәжірибесін (әскери және азаматтық ұшақтар мен тікұшақтарға арналған симуляторларды жеткізу және қызмет көрсету саласында) және қазақстандық әріптестермен бизнес жүргізу үшін өте қолайлы ахуалды атап өтіп, жақын болашақта ынтымақтастықтың дамуына үміт артатынын білдірді.
ЭУБА сауда және тұрақты кәсіпкерлік ғылыми-зерттеу институтының жанындағы отбасылық бизнес орталығы отбасылық бизнесті дамыту мен қолдауға баса назар аудара отырып, зерттеу және білім беру қызметін жүзеге асырады. Осы жылдың басында ЭУБА мен Түркістандағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.