
БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 24 қараша – Қазақстанның Братиславадағы Елшісі Роман Василенко мен Словакия Ұлттық Кеңесінің (Парламентінің) халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мариан Керимен өткен бүгінгі кездесуде екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Словак депутаты 2021 жылғы 22 қарашада Нұр-сұлтан қаласында өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жыл сайынғы халықаралық парламенттік конференцияның жұмысына қатысуға берілген мүмкіндік үшін шынайы алғысын білдірді.
М. Кери Қазақстанға сапары өте мазмұнды болғанын, яғни Қазақстан Парламентінің депутаттарымен, оның ішінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанмен, Словакия Парламентімен достық тобының төрағасы мен мүшесі Бекқали Торғаев және Ғалымжан Елеуовпен және басқалармен көптеген жемісті кездесулер өткізуге және қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берілгендігін ризашылықпен атап өтті.
Словак депутаты ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атына конференцияға шақырғаны және қатысуға мүмкіндік берілгені үшін алғыс хат жолдады.
Р. Василенко мен М. Кери халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Қазақстан мен Словакия парламенттеріндегі достық топтары арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін қазақстандық және словак депутаттарының, сондай-ақ сарапшылардың онлайн кездесуін өткізу мүмкіндігін талқылады.
Парламентаралық өзара іс-қимыл – ынтымақтастықтың барлық кешеніне серпін беретінін атап өтіп, М. Керри елдер арасындағы жаңа бірлескен жобаларды қолдауға дайын екенін, сондай-ақ қазақстандық әріптестерінің Братиславаға келуге шақыруын растады.