Қазақстан мен Словакия ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Словакия ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 19 қазан − Қазақстанның Братиславадағы Елшісі Роман Василенко Словакияның ауыл шаруашылығы және ауылды аймақтарды дамыту министрі Самуэл Влчанмен өткен бүгінгі кездесуде екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Сұхбаттасушылар екі ел арасындағы осы саладағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті. Қазірдің өзінде қазақстан-словакия тауар айналымының негізгі бағыттарының ішінде тыңайтқыштар, азық-түлік, ағаштан жасалған қағаз массасы, өнеркәсіптік жабдықтар, гербицидтер, дәрі-дәрмектер, полиграфиялық өнімдер, тоқыма және т.б. бар. Кездесуде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті талқыланды. Өсімдік шаруашылығы мен орман шаруашылығында ылғал ұстаудың заманауи технологияларын қолдану саласындағы ынтымақтастықтың келешегі ерекше атап өтілді. Ғылыми ынтымақтастыққа, оның ішінде Нитра қаласындағы Ұлттық ауыл шаруашылығы және азық-түлік орталығы желісіне деген өзара қызығушылық атап өтілді.

Сұхбаттасушылар ынтымақтастықтың перспективті салалардың бірі орман шаруашылығы болып табылатынын, осыған қоса 2020 жылғы қазанда Братиславада қол қойылған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен «Словак Республикасының ормандары» мемлекеттік кәсіпорны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде де атап өтті.

Осы меморандум аясындағы өзара әрекеттестік ынтымақтастықтың барлық кешеніне серпін беретінін атап өткен С. Влчан өзі басқаратын ведомствоның осы саладағы елдер арасындағы жаңа бірлескен жобаларды одан әрі қолдауға дайын екенін айтты