Қазақстан мен Словакия білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салуда

Қазақстан мен Словакия білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салуда

БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Братиславадағы Елшісі Роман Василенко Словакияның Білім, ғылым, зерттеулер және спорт министрлігінің мемлекеттік хатшысы Людовит Паулиспен өткен кездесуде екі ел арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Р. Василенко білім беру саласындағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Әжептәуір негізді екі елдің университеттерінде магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуіне, докторлық диссертацияларға бірлескен ғылыми жетекшілік етуге, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құраммен алмасуға мүмкіндік беретін көптеген университетаралық келісімдер беруде.

Бұл тұрғыда сұхбаттасушылар білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайындық барысын талқылап, бұл құжат жоғары және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жемісті дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Осыған байланысты, тараптар ынтымақтастықты нығайтудың, оның ішінде жоғары оқу орындар арасында жаңа тікелей байланыс орнату арқылы маңыздылығын атап өтті.

Л. Паулис қазақстандық тараптың жаңа ұсыныстарын қолдауға дайын екендігін айтып, Словакия университеттерінде бакалавр, магистратура мен докторантурада студенттермен алмасуда жақсы тәжірибе бар екенін баса атап өтті. Бұл тәжірибе студенттерге ғана емес, екі жақтың жоғары оқу орындарының профессорларына да қызықты болуы мүмкін.

Ғылым туралы айта отырып, тараптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы мен Словакия Ғылым Академиясы арасында 2020 жылдың қыркүйегіндегі ынтымақтастық туралы келісімнің барын және биология, өсімдік шаруашылығы және басқа да тиісті ғылыми-зерттеу саласындағы институттар арасында байланыс орнатылғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Қорытындылай келе, тараптар ынтымақтастық әлеуетін дамытуға және нығайтуға және білім мен ғылым саласындағы тығыз өзара әрекеттесуге ықпал етуге келісті.