БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 21 маусым − Бүгін Братиславада өткен Қазақстан мен Словакия арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың үлкен әлеуеті ҚР-дың СР-дағы Елшісі Роман Василенконың Словакияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Михал Кичамен кездесуінде атап өтілді.
Кездесу барысында тараптар 2020 жылдың желтоқсанында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен СР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасында жасалған су ресурстары саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум негізіндегі ынтымақтастықты атап өтті.
Сұхбаттасушылар трансшекаралық су ынтымақтастығы саласындағы және Су конвенциясын Қазақстанның конвенция бюросына қазіргі төрағалығы тұрғысынан, сондай-ақ бұрын Словакияда болған, ал қазір Нұр-Сұлтанда орналасқан Халықаралық суды бағалау орталығы басшылығы тұрғысынан (IWAC) Словакияның тәжірибесін атап өтті. Осыған байланысты, М. Кича словак тарапының тәжірибе алмасуға және қазақстандық су саласындағы қызметкерлерінің жұмысына, оның ішінде нақты жобалық іс-шараларды іске асыруға көмектесуге дайын екендігін айтты.
Сондай-ақ, тараптар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен СР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасауға дайындық барысын қарастырды. Сұхбаттасушылар Словакияның 2021 жылы Қазақстан бастамашылық еткен және бүгінде Еуропа мен Еуразияның 19 мемлекеті кіретін «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына (ЖКСБ) қосылу перспективаларын одан әрі мазмұнды талқылады.
Жақында Қазақстан Республикасында жаңа Экологиялық кодекстің қабылданғанын ескере отырып, СР ҚОҚМ өкілі экологиялық заңнаманы кодификациялау, оны озық деп бағалап, органикалық ластаушылармен, оның ішінде полихлорланған бифенилдерден ластану салдарымен күресу тәжірибесіне қызығушылық білдірді.
Екі елдің де Париждегі климаттық келісіміне қатысуы және климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Глазгодағы 2021 жылдың күзінде (COP26) өтетін келесі конференциясына дайындық аясында әңгімелесушілер климаттың өзгеруіне қатысты мәселелер көтерді. Осыған байланысты Словакия үшін 2030 жылға қарай көмірқышқыл газы шығарындыларын 55% азайту және 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу жөніндегі жалпыеуропалық мақсатқа жетудің жолдары, сондай-ақ осыған ұқсас ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қойған мақсаты, яғни Қазақстан үшін бұл бейтараптыққа 2060 жылға дейін қол жеткізуі де қарастырылды. Осыған байланысты, Елші словак тарапын Астана халықаралық қаржы орталығы қоры негізінде Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аймағында парниктік газдар шығарындылары саудасының аймақтық нарығын құруға қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.
Сонымен бірге, сұхбаттасушылар табиғи биоалуантүрлілікті сақтауға ықпал ететін жойылып бара жатқан фаунаның кейбір өкілдерінің табиғи мекендеу ортасына, яғни Еуропадан Қазақстанға қайтару жоспарлары шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.