
БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 27 сәуір– Бүгін жақындап келе жатқан Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко Словакия антифашистік күрескерлер одағының төрағасы Павол Сечкар мен САКО басшылығының басқа да мүшелерімен кездесті.
Словакия антифашистік күрескерлер одағы − 1946 жылы құрылған, Словакияның Ішкі істер министрлігі қаржыландыратын және мүшелері есебінен құрылған азаматтық бірлестік. Ұйымның басты мақсаты − 1944 жылғы Словакия ұлттық көтерілісінің және 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің тарихи маңызды демократиялық мұрасын насихаттау. САКО жергілікті билікпен бірлесіп Словакияны фашистерден азат етуге байланысты мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырады. Одақ жұмысының негізгі бағыты − Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарда қаза тапқандарға арналған мемориалдық орындар мен ескерткіштерге жүйелі түрде күтім жасау.
П. Сечкар Словакия аумағындағы әскери қабірлерді қорғау, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан кеңестік, чехословакиялық және румындық сарбаздар мен Словакия ұлттық көтерілісіне қатысушылардың естеліктерін мәңгіге қалдыру, соғыс ардагерлерін әлеуметтік қолдау және жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты;.
САКО өкілдері фашизмді жеңген күні қарсаңында, кәсіподақпен Словакия аумағында аймақтық деңгей мен ұлттық деңгейде 500-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Өз кезегінде Р.Василенко Қазақстан Словакияны азат ету және фашизмді жеңу үшін жанын қиған кеңес жауынгерлерінің ерліктерін есте сақтап жүргені үшін словак достарына шын жүректен ризашылығын білдірді.
Сұхбаттасушылар сол кездегі Чехословакия аумағында соғысқан және қаза тапқан қазақстандықтардың есімдерін анықтау тақырыбына жеке тоқталды. Осыған орай, ССБА Словакияда жерленген қазақ жауынгерлерінің мәйіттерін іздестіруге және анықтауға көмектесуге дайын екенін айтты. Жалпы, Словакияны азат ету шайқасында 1944-1945 жылдары Қызыл Армияның 63000-нан астам сарбазы қаза тапты, көбінесе Михаловце, Зволен, Братислава және басқа қалалардағы тоғыз ірі әскери зираттарда жерленген.
Сонымен бірге, кездесу барысында Қазақстан Елшісі Братиславадағы САКО филиалының ғимаратында орналасқан мұрағаттық фотосуреттер мен сол кездегі құжаттар жинақталған мұражай экспозициясымен танысты.