Словакияның астанасында Братиславаның азат етілуіне 76 жыл толғаны аталып өтті

Словакияның астанасында Братиславаның азат етілуіне 76 жыл толғаны аталып өтті

БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 4 сәуір - Бүгін Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко Ресей Елшісі Игорь Братчиковпен, Беларусияның уақытша сенімді өкілі Денис Сидоровпен, елшілік ұжымымен және Словак ұлттық көтерілісінің ардагерлерімен бірге Братиславаның азат етіліуннің 76 жылдығына орай Славин әскери-мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Кейінірек Ресей мен Қазақстан Елшілері Конституция бойынша мемлекеттің екінші жоғары лауазымды тұлғасы, Словакия Ұлттық Кеңесінің (Парламентінің) Төрағасы Борис Коллар мен ҰК депутаты Людовит Гогамен бірге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Р. Василенко салтанатты рәсім барысында атап өткендей, «Братислава мен Словакияны азат ету үшін өз өмірлерін қиған кеңес жауынгерлерінің рухына тағзым ету, жалпы алғанда, Кеңес Одағының елді азат етуде және фашизммен күресте азап шеккендердің естелігін сақтағаны үшін словак достарымызға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Батырлар ұрпағына мәңгілік естелік!»

1945 жылы 4 сәуірде Братислава-Брно шабуыл операциясының аясында Қызыл Армия, жойқын шайқастардан кейін Словакия астанасы Братиславаны фашистік басқыншылықтан азат етті.

Братислава - операцияны мұқият дайындаудың және 2-ші Украина майданы (қолбасшы - Кеңес Одағының Маршалы, Родион Малиновский) әскерлерінің іс-әрекеттерін сауатты үйлестірудің арқасында фашистерден босатылды.

2-ші Украина майданы мен Дунай флотилиясы әскерлерінің жалпы шығындары 79 596 солдат пен офицерлерді құраса, олардың 16 933 - орны толмас шығын.