Братиславада cу ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Братиславада cу ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 29 наурыз – Бүгін Братиславада Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшісі Роман Василенконың «Vodohospodárska vystavba» су шаруашылығы ұлттық компаниясының бас директоры Владимир Коллармен өткен кездесу барысында су шаруашылығының құрылысы мен су ресурстарын қорғау саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Кездесу барысында Р. Василенко Словакияның бұрын Братиславада, енді Нұр-Сұлтанда орналасқан Халықаралық суды бағалау орталығының қызметін қамтамасыз етудегі табысты тәжірибесін, словак тарапының ХСБО бағдарламалық іс-шараларын іске асыруға жәрдемдесу перспективаларын атап өтті.

«Vodohospodárska vystavba» өкілдері Кеңес Одағы кезінде ОА аймағында салынған гидротехникалық құрылыстардың жағдайын жақсарту бойынша мәселелерді шешуге техникалық және практикалық қатысуға қызығушылық танытты.

Тараптар екі ел арасындағы су ресурстарын басқару саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға арналған негіз болған, 2020 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Словакияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы су ресурстары саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын жоғары бағалады.