
БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 17 наурыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен Британдық «Hertforshire Press» баспасымен бірлесіп, Қазақстан туралы словак тіліндегі алғашқы кітаптардың бірі «101 zazitkov z Kazachstanu» («Қазақстаннан 101 әсер») атты жаңа кітаптың онлайн-тұсаукесерін өткізді.
«Қазақстаннан 101 әсер» − бұл ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі елдің өзіндік ерекшеліктері мен дәстүрлердің егжей-тегжейлігін, адамдарды, сәулет өнерін, қызықты мекендер мен қалаларды, табиғатты, оның ішінде таулар мен көлдерді, каньондарды және көптеген көрікті мекенднрді ашып көрсететін жарқын фотоальбом.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшісі Роман Василенко мен Словакияның Қазақстандағы Елшісі Милан Коллар, кітаптың авторы және редакторы Ник Роуэн, «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев, Finančné noviny баспасының бас редактор Владимир Бачишин, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұңалбаева, Братиславадағы Экономика университетінің профессоры Елена Каштякова, Басқарма төрағасы − Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің ректоры Майнюра Мурзамадиева, кітаптың аудармашысы Тимеа Юрчова және Hertfordshire Press баспасының баспагері Марат Ахметжановтың қатысты..
Іс-шараны аша отырып, Р. Василенко «бұл кітап COVID-19 коронавирус пандемиясының қызған шағында шығарылды. Ол кездерде адамзат қайтадан қалыпты өмірге, яғни оның ажырамас бөлігі ретінде саяхат, белгісіз жерлерді тану, жаңа адамдармен танысу және жаңа тәжірибе алу сияқты ұғымдардың қайта оралады деген ойлар тіпті таңқаларлық болатын. Коронавирусқа қарсы вакциналар жасау прогресі туралы әлемнің әр түкпірінен естіліп жатқан жаңалықтар бізге шынымен де қалыпты өмірге оралуға үміт беруде. Бұл көркем кітап − қалыпты болашаққа деген үміттің нышаны мен кепілі. Біз, көркем словак тілінде еліміз туралы алғашқылардың бірі болып осындай кітапты жарыққа шығару арқылы – достарымызға шын жүректен: «Еуразияның қақ ортасындағы алып және ерекше елге қош келдіңіздер!» дегіміз келеді.
Туризм мен қонақжайлылық индустриясына өте елеулі кері әсерін тигізген пандемияны ескере, дипломат кітаптың тұсаукесері біздің бірлескен күш-жігеріміздің, «қаласаңыз, ерік күшіңізбен осылай уақытты жақындатып, жаңа өмірді жоспарлауды бастауға мүмкіндік екендігін атап өтті. Біз бүгін туризм индустриясының алдында тұрған міндеттерді және осы қызықты бағыттағы Қазақстан, Словакия және басқа елдер арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылаймыз деп сенеміз».
«Қазақстанды және бүкіл Орталық Азия аймағын өркениеттер тоғысқан жер деп атайтын әдет те бар. Шынында да солай. Бірақ соңғы онжылдықтарда көптеген елдер ғалымдарының зерттеулері сүйене және американдық профессор Фредерик Старрдың айтуынша, біздің аймақ – «тоғысқан өркениет» аймағы болып табылады. Бұл аймақ − Еуразияның дәл орталығында орналасқан, Ұлы Жібек жолын құруда және Таяу Шығыс, Қытай мен Үндістанның − Орталық Азияның әртүрлі өркениеттері арасындағы сауда, ғылыми, технологиялық, интеллектуалды байланыстарды орнатуда шешуші рөл атқарған, көрнекті ғалымдардың арқасында әр түрлі салада ғылымның, философияның, астрономияның, медицинаның, технологияның дамуына ерекше үлес қосқан аймақ. Бүгінде Қазақстанның оңтүстігі мен Түркістан, Шымкент және Тараз сияқты қалалары − ежелгі дәуірмен байланыстың нағыз куәгері. Бірақ, біздің кітабымызда айтылғандай, Қазақстан – ежелгі дәстүрлермен, бай тарихпен және қазіргі динамизммен ерекше өрнекпен өрілген ел. Қазақстандағы осы бай өмір палитрасының көптеген куәліктерін «әсер» (zážitkov) түрінде сипаттай және көрсете отырып, біз Ұлы дала еліне саяхат жасауға ниет білдірген Словак достарымызды «оттай сендіреміз» деген үміттеміз» деп Елші түйіндеді.
Өз кезегінде СР-дың ҚР-дағы Елшісі Милан Коллар бұл бірегей кітаптың жарыққа шығуы – өте жақсы деп сипаттаған қазақстан мен словакия қатынастары тарихындағы жаңа парақ екенін атап өтті. Словак дипломаты пандемия аяқталғаннан кейін азаматтардың өзара сапар алмасудың жандана түсуіне және туризм саласындағы ынтымақтастықтың дамуына үміт білдіріп, бұның бәріне «жақсы шабыт» − осы шыққан кітап деді.
Е. Еркінбаев өз сөзінде, бұл жоба коронавирусқа байланысты бүкіл әлем бойынша қозғалыстың шектелуіне қарамастан, туризм секторының ерте қалпына келуіне деген үміт және болашақта біздің елге келуге шақыру екенін айтты. Kazakh Tourism компаниясының басшысы еуропалық серіктестермен тығыз байланыс орнатуға дайын екендігін білдіре отырып, туристік бизнесті пандемиядан кейінгі кезеңге дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
«Мен осы ғажайып кітаптың беттерін ашқан сәтте, еліміздің барлық сұлулықтары мен «әсерлері» керемет бейнеленгені – менің бірден Отанға, жеріме, еліме деген шынайы патриоттық сезім оянды», - деді Ұ. Мұңалбаева. Сонымен қатар, ол кітапты одан әрі танымал ету және оның цифрлық дәуірдегі әсерін арттыру үшін ол кітапты толығымен онлайн режимінде ҚР ҰАК қолдауымен электронды кітапхана порталына орналастыруды ұсынды.
«Кезінде Қазақстанға бірнеше рет барғаныма өте қуаныштымын. Бұл таңғажайып адамдар тұратын таңқаларлық ел екеніне «101 әсер» тағы бір дәлелі деп сеннімен айта аламын», − деген Э. Каштякова, жуырда Түркістанда EUBA мен IUTH арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын ескере жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Өз кезегінде, М. Мурзамадиева конференцияға қатысушылардың барлығын Қазақстанға, әсіресе, түркі әлемінің алтын бесігі Түркістан қаласына келуге шақырды. Университет ректоры ЕУБА-мен жақында жасасқан меморандумның іс жүзінде қолдануға ниетті екенін айтты.
«Алғашқы беттерінен бастап-ақ бұл таңғажайып басылым мені Қазақстанға деген сағыныш сезімге бөлеп, осы ғажайып елде өткен ұмытылмас уақытты еске түсірді», − деді Моника София Сорочинова, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі словак павильонының экс-комиссары. Оның айтуынша, словактар мен қазақстандықтар арасында көп үйлестіктер бар. Екі халық та «қайырымдылығымен, мейірімділігімен және қонақжайлылығымен» танымал. Екі ел арасындағы туристік алмасуды қалпына келтіру − елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деп толықтырды. Сондай-ақ, «қол сөмкесіне сиятын» кітаптың пішімі ыңғайлы пішімін де атап өтті.
Сонымен бірге, Hertforshire Press баспагері М. Ахметжановтың айтуынша, баспаның қызметі барысында немесе сол аймақтағы авторлардан 70-тен астам Орталық Азия аймағы туралы кітап ағылшын тілінде жарық көргенімен, «Қазақстаннан 101 әсер» кітабын словак тілінде шығару баспаның өмірінде сапалы жаңа тарау ашып, осындай кітаптарды басқа еуропалық тілдерде шығаруға қызығушылық тудырды.
Қызығушылықты пікіралмасу барысында пікірталасқа қатысушылар қазіргі кезеңдегі туристік индустрияның алдында тұрған қиындықтар мен сын-қатерлерді талқылап, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы пікір алмасып, Қазақстан мен Словакия және басқа елдердің туристік операторлары арасындағы нақты өзара әрекеттесу жолдарын белгіледі.
Dimash Dears Slovakia атты Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлер клубы мүшелерінің қатысуы – іс-шараға ерекше колорит пен жаңа өлшем берді. Клуб мүшесі Ярослав Бакова атап өткендей, «Димаш Құдайберген − Қазақстанның ізгі ниет елшісі. Димаштың арқасында оның Словакия мен бүкіл әлемдегі шығармашылығының жанкүйерлері қазақ тілін, қазақ мәдениетін тануға тырысып Қазақстанға деген шынайы махабатын көрсетуде. Пандемия аяқтала салысымен, Қазақстан − ең бірінші туристік бағыт. Рахмет сізге!»
«Hertfordshire Press» баспасы атап өткендей, «Қазақстаннан алынған 101 әсер» − бұл Орталық Азиядағы сұлулығы ең бай табиғи елдерінің бірі екенін дәлелдейді. Әйгілі мекендер қонақтарды зымырыт-жасыл қарағайлы ормандармен және ұзын көркем каньондармен қызықтырады, ал өздерінің массивтілігімен таңдандырып қана қоймайтын таулар, жылдың кез келген уақытында көптеген шытырман оқиғаларға батуға мүмкіндік береді».
Кітапты ашқан сәтте, оқырман лезде Ұлы Дала еліне жеткізіліп, әрбір «әсер» сайын, оның сәулетін, ескерткіштерін, табиғатын, адам және тағамдарын танып, Орталық Азиядағы ең ірі елдің қонақжай атмосферасына одан әрі батады. Әрине, кітапты оқу − бұл шынайы тәжірибені бастан өткерудің алғашқы қадамы. Ал авторлар, оқырмандарды алғашқы жүз әсермен ғана шектелмей, Қазақстанға келіп өз көзімен көруге шақырады деп үміттенуде.
Қазіргі таңда Словакияның барлық ірі университеттері мен көпшілікке арналған кітапханаларға жіберілген кітап – Братиславадағы Қазақстан Республикасының Елшілігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және Hertfordshire Press баспасымен бірлесе дайындалып, 2020 жылдың желтоқсан айында 1000 данада басылып шықты. Р. Василенко іс-шара соңында атап өткендей, болашақта қажет болған жағдайда, елшілік кітаптың жаңа басылымын дайындау мүмкіндігін қарастыруға дайын.