Елена Рыбакина – US Open чемпионы және әлемнің бірінші ракеткасы

Елена Рыбакина – US Open чемпионы және әлемнің бірінші ракеткасы

Елена Рыбакина Қазақстан спортының тарихында жаңа белеске көтерілді. 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалында ол Арина Соболенконы жеңіп, мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды.

2022 жылы Уимблдон және 2026 жылы Australian Open турнирлерінде жеңіске жеткен Елена «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі тамаша нәтижелерін жалғастырды. Нью-Йорктегі жеңіс қазақстандық теннисші үшін айрықша мәнге ие болды. US Open турниріндегі жеңісімен қатар, ол WTA рейтингінде алғаш рет көш бастап, әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Осылайша, Елена Рыбакина әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды.

Еленаның кәсіби спорттағы жолында Словакияның да орны ерекше. Теннисші бірнеше жылдан бері Братиславада жаттығып, ірі халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды бөлігін осында өткізеді.

Елена мен Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі арасында да жылы қарым-қатынас орнаған. Жақында Елшілікте өткен кездесуде Елена өзінің теннис ракеткасын сыйға тартты. Бұл ракетка Словакиядағы отандастарымыздың спорттағы жетістіктерін айғақтайтын естелік жәдігерлердің қатарынан ерекше орын алады.

Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі Елена Рыбакинаны US Open турниріндегі жеңісімен және әлемнің бірінші ракеткасы атануымен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа жеңістер, шабыт және әлемдік корттарда одан әрі толағай табыстар тілейміз.

Құттықтаймыз, Елена! Сіздің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңізді мақтан тұтамыз! Алға, Қазақстан!