Коронавирус кедергі емес

Коронавирус кедергі емес

НҰР-СҰЛТАН-БРАТИСЛАВА, 5 қазан – Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен СР Экономика министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Карол Галектің қатысуымен бүгін өткен онлайн-кездесу барысында Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара экономикалық іс-қимылдың барлық кешеніне жаңа серпін беруге келісті.

Екі тең төраға осы жылы тағайындалғанын ескере отырып, коронавирустық пандемия жағдайында онлайн-кездесу қашықтық пен шектеулі жағдайларға қарамастан жеке байланыстарды орнатуға жақсы балама мүмкіндік берді. (ҮАК-тің алдыңғы 8-ші отырысы а.ж. қаңтарда    Нұр-Сұлтан қаласында өтті және екі елдің 100-ден астам бизнес өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумды өткізумен сүйемелденді).

Сұхбаттасушылар өзара әрекеттестікті жандандыруға, болашақ ынтымақтастықтың жаңа контурлары  мен басымдықтарын айқындауға өзара талпынысты атап өтті. Тараптар бір-бірін болашағы зор серіктес ретінде қарастыратынын атап кетіп, жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуға жаңа серпін беру үшін тең төрағалар  министрліктердің құзыреттеріндегі геология, энергетика, табиғи ресурстар және т.б. салаларындағы және екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша жобалық қызметті Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Словак Республикасында ілгерілетуге ықпал етуге дайын екенін білдірді.

Словак тарапы Жалпыеуропалық ықпал аясында елдің экономикасын қалпына келтіру бойынша, оның ішінде гидроэнергетика, геотермалдық энергетика, ЖЭК, сутегі саласындағы зерттеулер, өндірістің энергия тиімділігін арттыру және экономиканың энергия шығынын азайту, ресурс үнемдеу және т.б. белгіленген салалардағы әзірленіп жатқан жоспар аясында ынтымақтастықты орнату мүмкіндігіне ерекше назар аударды.

Қазақстан тарап экология, су, орман және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ туризм салаларындағы өзара іс-қимылдың потенциалын атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық тарапы Комиссия шеңберінде ынтымақтастықтың қолданыстағы салаларында өзара іс-қимылды жандандыру қажеттілігіне назар аударды.

Тараптар тұрақты байланыстарды қолдау, комиссия шеңберіндегі уағдаластықтардың орындалу барысын бақылау және белгіленген тақырыптардағы өзара тиімді жобалар мен бастамаларды бірлесіп іздеу және қолдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.