
БРАТИСЛАВА, 5 қазан 2020 ж. – Бүгін Қазақстанның Братиславадағы Елшілігі Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірге тарихта алғаш рет Абай Құнанбайұлының словак тіліне аударылған «Қара сөздерінің» онлайн-презентациясын өткізді.
Екі елдің арасындағы қашықтық Абай өнерін аса қадірлеушілеріне бөгет бола алмады. Ұлы қазақ ғұлама мен ағартушының туғанына 175 жыл толуына орайластырылған онлайн-шара екі елдің академиялық және зияткерлік қауым өкілдерінің басын қосты.
Презентацияның басында Қазақстанның Братиславадағы Елшісі Роман Василенко Абайдың «Қара сөздері» қазақ және әлем әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. Бұл туындының қазақ тіліндегі төл атауы терең философиялық мағынаға ие болып, дана сөздерінің сыншыл, тіпті ақынның өзін-өзі сынайтын сипатын бейнелейді. Бұл жөнінде, сондай-ақ Абай өнерінің қазіргі Қазақстан үшін маңыздылығын еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында өзек етті. Бұл кітаптың жарыққа шығуы словактарға қазақтардың және қазіргі Қазақстанның тарихын жақсы түсінуге және екі ел мен екі халықты барынша жақындатуға мүмкіндік беретіндігіне сенеміз», - деп айтты дипломат.
Сонымен бірге, бұл шараға Братиславадағы Экономикалық Университетінің профессоры, бұрын Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік хатшысы болған және Словакияның Парламентінде Қазақстанмен достық тобының мүшесі Ольга Нахтманова және аударманың авторы, филология ғылымдар кандидаты Катарина Стрелкова да қатысты.
Қазақстандық тараптан презентацияға Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдар докторы, профессор Үмітхан Мұналбаева, ақын, Қазақстан жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдардың докторы Ананьева Светлана Викторовна атсалысты.
Абай Құнанбайұлының шығармалары қазақ және әлем әдебиетінің классикасына айналды. Ұлы қазақ ойшылдың «Қара сөздер» атты ең жарқын туындысы 45 өсиет әңгімеден не философиялық трактаттан тұрады. «Қара сөздер» – бұл оқырманға үндеу, онымен сырласу тәрізді сұхбат және халықтың тағдыры аясында бөлек бір адамның өміріндегі философия.
Туынды әлемнің көптеген тілдеріне аударылған және бұдан былай оны словак оқырмандары да сүйсініп оқи алады.
Жаңа кітаптың даналары словак жоғары оқу орындарының кітапханалық қорларына және Словакияның қоғамдық кітапханаларына жіберіледі.