
Братислава, 2020 жылғы 29 қыркүйек – Бүгін Братислава мен Нұр-Сұлтандағы Елшіліктеріміздің және KazakhInvest ұлттық компаниясының қолдауымен Словакияның SARIO Инвестицияларды дамыту агенттігі ұйымдастырған «Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» тақырыбында елімізбен сауда-экономикалық ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытқан 50-ден астам словакиялық компаниялармен вебинар өткізілді.
Вебинарға Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко, Словакияның Қазақстандағы Елшісі Милан Коллар мен елшіліктің экономикалық кеңесшісі Ян Галоцци, экономиканың түрлі салаларында мамандандырылған KazakhInvest компаниясының бірқатар жоғары деңгейлі өкілдері қатысты. Вебинар шеңберінде спикерлер елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту әлеуеті, жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін Қазақстан үкіметінің барынша қолайлы жағдайлар жасап жатқандығын баяндады.
Тараптардың мәлімдемелері мен презентациялары – вебинарға қатысушылардың Словакия экономикасының, соның ішінде фармацевтика, дәрігерлерге арналған қауіпсіздік құралдарының өндірісі, шыны өндірісі, құрылыс индустриясы, сорғылар мен тереңдету жабдықтарын шығару, аспалы көліктерге арналған жабдықтар және басқа да көптеген салаларын білдіретін сұрақтарына жауаптарымен толықтырылды.
Вебинар арқылы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды әлеуеттің бары тағы да анықталды. Бір қызығы, SARIO агенттігі вебинарға қатысушылар арасында ұйымдастырған интерактивті экспресс-сауалнама нәтижесінде кәсіпкерлердің Қазақстанға іскерлік миссиямен бару (56%), көрмелер мен іскерлік топтармен онлайн келіссөз жүргізу (59%) бейімділігі анықталды. Сонымен қатар, кезекті вебинарға тек қана 33% қатысқысы келеді, бұл коронавирустық пандемияға байланысты мәжбүрлі түрде кеңінен таралған байланыс түрі дипломатиялық әлемде, бизнес әлемінде де маңызды рөл атқаратын бетпе-бет байланыстың әлсіз алмастырушысы болып табылады.