Орталық Словакия өнеркәсіптік зауыттары
Қазақстанға қызығушылық танытуда
ТИСОВЕЦ-ЕЛЬШАВА, 2020 жылғы 18 қыркүйек – Орталық Словакиядағы ұзақ тарихы бар және бәсекеге қабілетті өнімдері бар екі өнеркәсіптік кәсіпорын Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Осындай тұжырым Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенконың Банска-Быстрица облысындағы Ельшава мен Тисовец қалаларында орналасқан «CSM Industry s.r.o.» және «SMZ, а.с. Jelsava» зауыттарына сапары мен басшылығымен кездесулерінен кейін жасалды.
CSM Industry s.r.o. – Тисовецтегі машинажасауда 50 жылдық тарихын әлі күнге дейін жалғастырып жүрген машинажасау компаниясы.
Компания жұмысы дәнекерленген бөлшектер мен қосымшаларды өндіруге, сатуға және қызмет көрсетуге бағытталған. Компанияның көптеген жылдар бойы флагмандық өнімі – құрылыста, құтқару қызметтерінің жұмысында, қарулы күштерде, ағаш кесуде және т.б. жерлерде қолданылатын әр түрлі модификациялы, үнемі жаңартылатын «UDS жоспарлау экскаваторы». UDS-тің бәсекелік артықшылығы – жебесінің ұзындығы (14,6 метр). Компания құрылғанын бастап аталған машиналардың 30 мыңнан астамын шығарды. CSM Industry компаниясының технологиялық жабдықтары клиенттерге рамалар, жебелер және т.б. түрлі бөлшектерді шығаруға, сонымен қатар өңдеуге, бояуға және құрастыруға дейін кешенді қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. CSM Industry Еуропа мен Азиядағы дилерлік желісін кеңейтуде.
Компания Қазақстанды әлеуеті маңызды тұтынушы ретінде біледі және елімізде бірқатар клиенттері бар және өндірісті оқшаулау тұрғысынан өзінің қатысуын кеңейтуге мүдделі.
Екінші барған зауыт – магнезит зауыты «SMZ, a.s. Jelsava». Аталған зауыт болу еліндегі магнезит өндіретін және өңдейтін ірі зауыттардың және күйдірілген DBM магнезитін шығаратын әлемдегі ең ірі зауыттардың бірі.
Компания күйдірілмеген магнезиядан, каустикалық магнезиядан және қож түзетін қоспалардан отқа төзімді өнімдер шығарады. Компания өндірісі құрыш құю, отқа төзімді, химия, құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығына бағытталған.
Шикі магнезитті алу Дубравский массивінің жеке кен орнында жүзеге асырылады. Бұл дәлелденген және қол жетімді геологиялық қорлары, тау-кен әдісі, сақтау мөлшері және тау-кен технологиялық байланысы бойынша минералдың әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Шикізат қоры 200 миллион тонна магнезит (MgCO3) – келесі 200 жыл ішінде өндіру мен өңдеуге жеткілікті. Компания ең заманауи бұрғылау және тасымалдау механизмдерімен қатар прогрессивті және тұрақты өндіріс әдісін қолданады.
Ранее компания уже поставляла магнезию в небольших объемах некоторым сталелитейным предприятия в нашей стране и сегодня заинтересована в выходе на казахстанский рынок.
Бұрын компания еліміздегі кейбір құрыш құю кәсіпорындарын аз мөлшерде магнезиямен қамтамасыз еткен болатын және қазіргі таңда қазақстандық нарыққа шығуға мүдделі.