Меню

Страницы

Статья

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынас дәйекті дамуымен сипатталады және одан әрі кеңею әлеуетіне ие.

Қазақстан Словакияны Орталық және Шығыс Еуропадағы, жалпы Еуропалық Одақтағы маңызды саяси, сауда-экономикалық әріптес ретінде қарастырады. Словакияның дамыған өңдеу және қайта өңдеу салалары, электроника, машина жасау, химия өнеркәсібі және ақпараттық технологиялар Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Қазақстан мен Словакия едәуір транзиттік-көліктік әлеуетке ие. Қазақстан мен Словакия аумақтары арқылы Азиядан Еуропаға құрлық жолдары өтеді. Нәтижесінде «Белдеу және жол» бастамасы аясындағы жобаларға қатысу екі мемлекет үшін өзекті болып табылады.

Өзара тиімді ынтымақтастықты белсенді дамытудың ынталандырушы алғышарты 2017 жылғы 1 қаңтарда Словакия азаматтары үшін визасыз режимнің енгізілуі болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігі МКК деректеріне сәйкес, Қазақстан мен Словакия арасындағы 2022 жылғы екіжақты тауар айналымы 120,2 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,9 млн. АҚШ долл. (+58,7 %), импорт – 118,3 млн. АҚШ долл. (+43 %), бұл 2021 жылмен салыстырғанда 43 %-ға артық (84 млн. АҚШ долл.).

Қазақстандық экспорттың негізгі баптары: табиғи газ, тыңайтқыштар, машиналардың бөлшектері және құрылғылар.

Қазақстандық импорттың негізгі баптары: машиналар, техника, құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары, гербицидтер, дәрі-дәрмектер, азық-түлік, ағаштан жасалған қағаз массасы, баспа өнімдері, тоқыма бұйымдары, жиһаз және т.б.

2005 жылдан 2022 жылдың 3-тоқсанына дейін Қазақстанға словак тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 21,9 млн. АҚШ долл. құрады.

2023 ж. 1 наурыздағы ахуал бойынша Қазақстанда словак капиталының үлесімен 29 заңды тұлға, филиал мен өкілдік тіркелген («Oftum» көздің көруін лазермен түзету орталықтары, «ELTECO» электр қуатымен резервтік қамту саласындағы компаниясы, «KANTO METAL» және «CSBC» қорғаныс өнеркәсібі үшін химиялық барлау машиналарын жасау және сату саласындағы компаниялары, «CME.Slovakia» емдеу-диагностикалық технологияларды жеткізу саласындағы компаниясы, «Ish Pumps Olomouc» электр станциялары үшін сорғылар мен арматураларды жеткізушісі, «PROGAST» ет өңдеу өнеркәсібін кешенді қамтамасыз ету саласындағы компаниясы), олардың ішінде 28-і кіші және 1-і орта.

Екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды тетігі Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. Қазіргі таңға дейін Комиссияның 9 отырысы өткізілген. Соңғы 9-отырыс 2022 ж. 10-11 наурызда Братиславада өтті. Іс-шара шеңберінде Қазақстан және Словакия іскерлік топтарының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылды.

Дата публикации
09 февраля 2020
Дата обновления
22 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 апреля 2025
«Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау» бағдарламасы аясында қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
18 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
Ақпарат
14 марта 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic
Embassy of Kazakhstan 🇰🇿 in the Slovak Republic
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары