Роман Юрьевич ВАСИЛЕНКО – Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшісі
1972 жылы 14 тамыз айында Шымкент қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Әскери оқу орынында экономика, қаржы және құқық академиясын үздік бағасымен бітірді. Аудармашы, халықаралық құқық маманы.
1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Халықаралық бөлімінің аға маманы, көмекшісі.
1996-1999 жылдары - Үшінші хатшы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің екінші хатшысы.
1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі.
2000-2007 жылдары - Бірінші хатшы, Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің кеңесшісі.
2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшылығының бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2009-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2012-2013 жылдары - «Назарбаев орталығы» ғылыми-зерттеу, талдау және гуманитарлық білім беру мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмасы бойынша Елшісі.
2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.
2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2019 жылы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Словак Респуьликасындағы Елшісі болып тағайындалды.
Ағылшын, француз және вьетнам тілдерін біледі.
I дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.