- өтініш (еркін нысанда);
- ҚР азаматының паспорты. Егер паспорт болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме не аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады;
- шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат.
Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:
Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):
- аталған фактіні растайтын құжат;
Кәмелет жасқа толмаған баласы үшін ата-анасы (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған) құжат тапсырған жағдайда:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;
- кәмелет жасқа толмаған баласының ҚР азаматтығын жоғалтуға нотариалды расталған екінші ата-анасының (ҚР азаматы болған жағдайда) келісімі.
ЕСКЕРТПЕ: 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының консулдық заңдастыру талаптарын жоятын ережелеріне сәйкес, Словак Республикасының мемлекеттік органдары берген құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында танылуы үшін апостиль қоюға жатады.
Шет тілде жасалған құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармамен табыстауға міндетті. Шетелдік паспорттың аудармасы қажет емес.