Меню

Страницы

Статья

Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу

     Бұл қызмет Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарына ұсынылады.

     Осы қызметті ұсынуға құжаттарды тапсырар алдында сілтемелер бойынша ҚР-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алдын ала тексеруді ұсынамыз:

  • Өтініш-сауалнама.
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

    Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді. Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынып қояды.

    Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

    Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 11-1-4/149 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20627 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының шет елде жүрген азаматына паспорт дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;
  • Алимент алушы отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда, шығатын адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісім ұсынылады. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шығатын адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не шығатын адамның шығып кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісі анықталғаны туралы соттың шешімін береді;
  • Егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса – «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылғанын растайтын құжаттар;
  • Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының он жасқа толған баланың ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге шығу туралы шешiм қабылданған кездегі пiкiрiн есепке алу туралы қорытындысы;
  • Консулдық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

ЕСКЕРТПЕ: 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының консулдық заңдастыру талаптарын жоятын ережелеріне сәйкес, Словак Республикасының мемлекеттік органдары берген құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында танылуы үшін апостиль қоюға жатады.

Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

  • 3 ай
  • 120 еуро

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Червенёва 1323/14, 811 03 Братислава

Телефон арқылы хабарласыңыз: +421 220 778 007 және / немесе электрондық пошта: kazconsulbratislava@gmail.com

Дата публикации
19 декабря 2023
Дата обновления
21 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 апреля 2025
«Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау» бағдарламасы аясында қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
18 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
Ақпарат
14 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic
Embassy of Kazakhstan 🇰🇿 in the Slovak Republic
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары