
Бүгінгі күні екі мемлекет арасында 150-ден астам халықаралық шартқа қол қойылды.
Оның ішінде: мемлекетаралық және үкіметаралық – 107 (олардың ішіндегі ең маңыздысы 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы шарт және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы шарт болып табылады), ведомствоаралық-53.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б. Атамқұловтың Қырғызстанға 2019 жылғы 20 мамырдағы ресми сапарының қорытындысы бойынша:
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
- ҚР Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің қызмет ету учаскелері туралы хаттама.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ.Маминнің Қырғыз Республикасына 2019 жылғы 12 шілдедегі ресми сапарының қорытындысы бойынша:
- «Continental Agro Trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Элет Агрохолдинг» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум»;
- «Continental Agro Trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Хайтун» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум;
- «Continental Agro Trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Дордой Базары» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум;
- «ААEngineering group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Kazakh export» экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы және «Глобал Джамгыр Майнинг» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен «Кепілдік қоры» Ашық акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік салық қызметі арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастық пен салықтық әкімшілендірудің іс-қимыл жоспары;
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қырғыз Республикасы Көлік және жол министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын салу және жобалау саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;
- 2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;
- Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық Кеңесінің 8-отырысының хаттамасы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына 2019 жылғы 27 қазандағы алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша келесі екіжақты құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасы Мемлекет басшыларының бірлескен декларациясы;
- 2020-2022 жылдарға арналған ҚР мен Қырғыз Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы ҚР «Қарасу-автожол» және қырғыз стан Республикасы «Ақ-тілек-автожол» өткізу пункттері арасында жаңа көпір салу және қолданыстағы көпірді қайта жаңарту жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің әскери әуеайлақтарында әскери әуе кемелерін қабылдауды, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуді және күзетуді ұйымдастыру туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті мен Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет арасындағы экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісім;
- Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті мен Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция арасындағы метрологиялық қадағалау жүргізуде тәжірибе алмасу саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум;
- «КазахИнвест» ҰК АҚ мен КР АКҚҚ арасындағы келісім;
Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Мемлекетаралық Кеңесінің бесінші отырысының қорытындысы бойынша мынадай шешімдерге қол қойылды:
- Қазақстан-Қырғыз екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту туралы;
- Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері туралы;
- Логистика саласындағы ынтымақтастық туралы;
- Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы.