Қазақстан және Швейцария мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан және Швейцария мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

2025 жылғы 28 қаңтар, Берн – Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцария Федералды мәдениет кеңсесінің директоры Карин Бахманмен кездесті.

Кездесу барысында ҚР Елшісі екіжақты ынтымақтастықтың үдемелі дамуын және Қазақстан тарапының мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін атап өтіп, осы салалардағы жекелеген жобаларды, соның ішінде Швейцарияның қалаларындағы Астана Балет, «Наз» мемлекеттік би театры, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі концерттерінатап өтті. Ол қазақ даласының өкілдері сыйға тартқан швейцариялық дипломат және саяхатшы Анри Мозердің коллекциясынан XIX ғасырдың экспонаттары сақталған Берн тарихи мұражайымен серіктестікке ерекше назар аударды. Осы тұрғыда Қ.Саржанов елдің өркендеуінің негізі ретінде ұлттық бірегейліктің қалыптасуы туралы айтып, «Born Bold» халықаралық науқанының негізгі мазмұнымен бөлісті.

Өз тарапынан К.Бахманн федералды деңгейде мәдени саясатты жүзеге асыру басымдықтары, тілдерді қолдаудың жергілікті тәжірибесі және Швейцарияның басқа да мәдени ерекшеліктері туралы ақпаратты жеткізді. Ол қазақ халқының өзіндік мәдениетіне қызығушылық білдіре отырып, Қазақстанмен өзара іс-қимылды нығайту мүмкіндігін қолдады.

Сұхбаттасушылар серіктестіктің әлеуетті бағыттарын зерделеуге, сондай-ақ екі елдің ведомстволары арасында байланыс орнатуға жәрдемдесуге келісті.