
2025 жылғы 7 қаңтар, Цюрих – Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцария Ұлттық Банкінің Төрағасы Мартин Шлегельмен кездесті.
Швейцарияның қаржы реттеушісі басшылығымен өткен әңгіме барысында Қазақстан Елшісі екіжақты ынтымақтастықтың дәйекті дамуын атап өтіп, сауда-экономикалық серіктестіктің оң қарқынын және жаңа жылға жоспарланған Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің отырыстарын атап өтті. Дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанның өткен жылғы даму қорытындылары мен ұлттық экономиканы әртараптандыру бойынша жоспарларымен бөлісті.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты Бреттон-Вуд институттары шеңберінде, соның ішінде орталық банктердің ағымдағы жобалары аясында талқылады. М.Шлегель Швейцарияның Қазақстанды Швейцария топтық бөлігі (Helvetistan) шеңберіндегі басым серіктес ретінде қарастыратынын мәлімдеп, Қазақстан Ұлттық Банкімен ынтымақтастықты жоғары бағалады. Ол макроэкономикалық көрсеткіштер мен Конфедерацияның қазіргі ақша-несие саясаты туралы ақпаратпен бөлісті. Әңгімелесушілер 2025 жылы нақты жобаларды жүзеге асыруға келісті.