
Вадуц, 27 қараша - Қазақстанның Швейцариядағы және Лихтенштейндегі Елшісі Қайрат Саржанов Лихтенштейн Князьдігіне жұмыс сапармен барды, және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен және іскер топ өкілдерімен кездесулер өткізді.
Лихтенштейн Сыртқы істер, білім және спорт министрлігі Сыртқы істер бюросының директоры Мартин Фрикпен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі, оның ішінде екі елдің атқарушы және заң шығарушы органдары арасындағы жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың негізгі аспектілері мен еліміздің сыртқы саясатының басымдықтары туралы хабардар етті. Қазақстаннан тауарлар импортының да, экспортының да ұлғаюымен сипатталатын екіжақты тауар айналымының оң үрдістері атап өтілді.
Өз кезегінде М.Фрик Қазақстанмен барлық бағыттар бойынша байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, екі елдің көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл деңгейіне қанағаттанатынын жеткізді.
Сапар барысында Қазақстан Елшісі «Ховал» компаниясының (климаттық бақылау жабдығын өндіру) атқарушы директоры П.Гербермен және Қазақстан Республикасының Лихтенштейндегі Құрметті консулы Н.Вильгельммен кездесіп, Қазақстанға инвестицияларды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Анықтама үшін: Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы екіжақты тауар айналымы 2023 жылы 9 айда 3 млн долларды құрады. 2024 – 1,5 миллион доллар. 2023 жылдың аяғында Лихтенштейннің инвестициясы 1,3 миллион долларды құрады.