Цюрих, 2024 жылғы 13–17 қараша – Қазақстанның спортшылары көру қабілеті бұзылған атлеттер арасындағы үстел теннисінен «Showdown» бойынша өткен «Zurich Open» 3-ші халықаралық турниріне алғаш рет қатысты. Турнир 2024 жылғы 13–17 қараша аралығында әлемнің 9 елінен 50 ойыншы қатысуымен Цюрих қаласында өтті.
Showdown 1960 жылы Канадада негізі қаланған және 2023 жылы Қазақстанның спорттық пәндер тізіміне ресми түрде енгізілді.
Бұл турнир жарқын спорттық оқиға ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға, рух күші мен табандылықты көрсетуге арналған бірегей алаң болды.