Швейцарияда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Швейцарияда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Берн, 2024 жылғы 24 қазан – Берн қаласының тарихи концерттік залында Республика күніне орай мерекелік концерт өтті. Көрермендер «Наз» мемлекеттік би театрының орындауында қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыратын билер мен әндерді тамашалады.

Іс-шараға Швейцария мен Лихтенштейнның мемлекеттік органдары, іскер және академиялық топтары, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, БАҚ, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов мерекенің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызын, қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасын, «Born Bold» халықаралық кампаниясының басым бағыттары болып табылатын еліміздің қарқынды дамуы мен прогресс және инновацияларға ашықтығын атап өтті.

Қазақстандық дипломат еліміздің Швейцария және Лихтенштейнмен саяси диалогы мен сауда-экономикалық ынтымақтастығын, сондай-ақ тараптардың серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға деген мүдделілігін ерекше атап көрсетті.

Көрермендер ұсынылған мәдени бағдарламаны үлкен ықыласпен қабылдап, кеш қонақтарының көпшілігі қазақстандық әртістердің концерті Швейцария қаласының мәдени өміріне айтарлықтай үлес қосқанын айтты.

Іс-шара Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен, серіктестер — швейцариялық «Stadler Group» компаниясы мен Лихтенштейннің «Codex» заңгерлік фирмасының қолдауымен өтті.