Қазақстан Елшісінің Швейцария - Қазақстан Парламентаралық достық тобымен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Швейцария - Қазақстан Парламентаралық достық тобымен кездесуі туралы

Берн, 25 қыркүйек - Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцария-Қазақстан парламентаралық достық тобының мүшелерімен кездесті.

Қазақстан Елшісі Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етіп, Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған саяси және қоғамдық саладағы реформаларға тоқталды. Дипломат сауда-экономикалық, көлік-логистика, экология, энергетика, білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси диалогты нығайту тұрғысында парламентаралық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін, екі ел парламентшілерінің топтық және жеке форматтағы өзара сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ Парламентаралық одақ, Еуропа Кеңесінің және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеялары сияқты көпжақты платформалар аясында екі ел арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға дайындығын білдірді.