Қазақстан мен Швейцария өңірлік байланыстарды кеңейтуде

Қазақстан мен Швейцария өңірлік байланыстарды кеңейтуде

2024 жылғы 9 шілде, Штанс – Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Нидвальден кантонына жоспарлы сапары аясында кантондық үкімет мүшелерімен – экономика департаментінің басшысы Отмар Филлингермен және қаржы департаментінің басшысы Мишель Блехлигермен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси диалог пен сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап, өңіраралық байланыстарды дамытудың маңыздылығын қарастырды.

Қазақстанның Елшісі жергілікті компанияларды, оның ішінде Швейцариядағы жалғыз жеңіл моторлы ұшақ өндірушісі «Piltaus Aircraft», әлемге танылған «SoftwareOne» IT компаниясы және әйгілі «Stanserhorn-Bahn» фуникулярлық тасымалдаушы, ынтымақтастықты орнатуға және кеңейтуге шақырды. Қ.Саржанов кездесулер барысында сұхбаттасушыларды инвестициялық саясат пен Қазақстанда бизнес жүргізудің артықшылықтары туралы ақпараттандырды.

Кантон басшылығы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірлік өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Швейцария тарапы кантондағы ықтимал фискалдық саясат, ыңғайлы көлік байланыстары және дамыған инфрақұрылымның арқасында 2 000 компания шоғырланғанын, сондай-ақ географиялық ерекшеліктеріне орай ірі курорттық аймақтар мен туристік көрнекті орындары орналасқаның атап өтті.