Қазақстан мен Швейцария арасындағы парламенттік дипломатия туралы

Қазақстан мен Швейцария арасындағы парламенттік дипломатия туралы

2024 жылғы 4 маусым, Берн - Қазақстанның Елшісі Қайрат Саржанов Швейцария Конфедерациясы Федералдық Жиналысы Кантондар Кеңесінің депутаты, Қазақстан-Швейцария парламентаралық достық тобының тең төрағасы Йозеф Диттлимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси диалогты нығайту тұрғысында парламентаралық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін, екі ел парламентшілерінің өзара сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.