Ұлттық Домбыра Күніне орай Швейцарияда Еуропа елдерінен келген домбырашылар концерт берді

Ұлттық Домбыра Күніне орай Швейцарияда Еуропа елдерінен келген домбырашылар концерт берді

Швейцариядағы Қазақстан Елшілігі «Birlik» Қазақстан-Швейцария бірлестігімен және КазАльянспен бірлесіп 2020 жылғы 27 маусымда Ұлттық  домбыра күні қарсаңында Швейцария Альпісіндегі 1870 жылы салынған Меггенхорн атты көне сарай орналасқан, табиғаты әсем Меггенхорн аймағында Швейцарияның және Австрия, Германия және Италия сияқты басқа да Еуропа елдері домбырашыларының музыкалық қойылымын ұйымдастырды.

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев «мәдениет – халықтардың арасындағы ең сенімді көпір, ол оларды бір-біріне жақын және түсінікті етеді, ал қазақтың жан дүниесі швейцариялықтардың Альпінің әсем көріністерімен дем алатыны сияқты нақ осы домбыра дыбысынан күш-қуат алады. Бүгін біз осы бір ерекше мәдени симбиоздың куәсі болып отырмыз» деп атап өтті.

Іс-шара Меггенхорнның көптеген келушілерінің назарын аударды, олар домбырашылардың Балбырауын, Секіртпе, Әлқиса, Ақсақ киік, Жекпе-жек, Көңіл толқыны, Ерке-Сылқым және Адай сияқты қазақ күйлерін қызыға тыңдап, «браво» көңілді дауыстарымен қошеметтеп отырды, бірқатары бейне-түсірілімдер жасады және домбыра аспабы және ұлттық костюмдер туралы сұрастырды.

Іс-шараға Швейцария бизнесшілерінің, ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің арасынан Елшілік достары қатысты.

Осындай жарқын оқиға ұйымдастырушылардың, қатысушылардың, оның қонақтары мен кездейсоқ көрермендерінің есінде ұзақ сақталатыны анық.